Өткен жылы мемлекеттік қазынаға Алматы 1 трлн теңге көлемінде салық құйды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындары алдында есеп берді. Қала басшысы 2014 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын қорытындылады.

«Бүгін өздеріңізбен бірге қаламыздың өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, алдағы істерді айқындайтын кездесуде бас қосып отырмыз. Өткен жыл ауқымды қоғамдық-саяси оқиғаларға толы болды. Біздің басты міндетіміз - қала тұрғындарының өмір сүру сұраныстарын қамтамасыз ету. Оның басты кілті тұрақты жалақы мен жұмыс орны, баспана, сапалы білім. Өткен жыл қорытындысы бойынша, ЖАӨ 6,3 пайызға артты. Бұл елімізде өте жоғары көрсеткіш болып отыр.

Соңғы 5 жылда ЖАӨ 8 трлн теңгеге жетті. Бұл ЖІӨ-нің 20 пайызын құрайды. Қалада 23 мыңға жуық жұмыс орны құрылды», - деді қала басшысы. Ахметжан Есімов Алматы қаласының республиканың басты қаржылық доноры екенін атап өтті. 2014 жылды қорытындылау есебінде көрсетілгендей, бір жұмыскердің орташа айлығы 154 945 теңгеге жетті.

Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 5,5 пайызын құрады. Мемлекеттік бюджетке кедендік төлемді, салықтар және басқа міндетті төлемдерден 1429,1 млрд теңге түсті. 4,5 пайызға артты.

Оның ішінде республикалық бюджетке кедендік төлемдерді қоса алғанда 1 121,3 млрд теңге,жергілікті бюджетке 307,8 млрд теңге құйылды.

Айта кетейік, 2014 жылы Алматының нақты бюджеті 352,3 млрд теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар