Өткен жылы көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау төмендеді - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы контейнерлік жүктерді транзиттік тасымалдау 32 пайызға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылы 82,8 пайызды құрады. Оған негізінен наурыз айында енгізіліп, жыл соңына дейін созылған локдаун әсер етті. Дәстүрлі сегменттерде тасымал көлемі төмендесе де, контейнерлік жүктерді транзиттік тасымалдауда оң нәтиже болды», - деді министр.

Оның айтуынша, 2019 жылмен салыстырғанда транзиттік контейнерлердің жалпы көлемі 876 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Өсім 32 пайыз болды.

«Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 3,96 млрд тоннаны немесе 2019 жылмен салыстырғанда 94,3 пайызды құрады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар