Өткен жылы қоғамдық кеңестердің құрамы 90% жаңарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамның меморган қызметіне араласуының пәрменді тетігіне айналды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы ашық азаматтық қоғам құруды талап етеді. Аталған бағытта қоғамдық бақылау және онлайн петициялар туралы заң жобалары Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда мақұлданды. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңға өзгерістер енгізіледі. Қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамның мемлекеттік органдардың қызметіне араласуының пәрменді тетігіне айналды», - деді Д. Қыдырәлі министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, 2022 жылы қоғамдық кеңестердің құрамы 90 процентке жаңартылды.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жұмысы қайта қаралып жатыр. Алдағы уақытта оның бағыт-бағдары кешенді ғылыми зерттеулерге байланысты болуы тиіс деп ойлаймыз», - деді Д. Қыдырәлі.


Соңғы жаңалықтар