Өткен жылы Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 6,5% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 10 069,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 6,5 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Республикада бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес былтыр Алматы қаласы (29,5 пайыз), Астана қаласы (11,6 пайыз), Шығыс Қазақстан облысы (9,1 пайыз) және Қарағанды облысына (8,9 пайыз) тиесілі болды.



Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар