Өткен жылы Қазақстанда A/H1N1 тұмауының сырттан келуі бойынша 18 оқиға тіркелді

None
None
АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылы Қазақстанда A/H1N1 тұмауының сырттан келуі бойынша 18 оқиға тіркелді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр аурудың алдын алу мақсатында елімізде тұмаудың пандемиясына әрекет етудің ұлттық жоспары бекітілгенін, A/H1N1 тұмауына байланысты сауықтыру бойынша өңірлерде тұрақты жұмыс істейтін штабтар құрылғанын жеткізді.

Ж. Досқалиевтің сөзіне қарағанда, өткен жылы «Тамифлю» препаратының республикалық қоры құрылып, маусымдық тұмауға қарсы 4 624 адамға дәрі егілген.

Соңғы жаңалықтар