+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Өткен жылы Қазақстан зауыттарында 5 мыңнан астам техника шығарылды

2021 жылғы 13 қаңтар 16:15
Бөлісіңіз:
Өткен жылы Қазақстан зауыттарында 5 мыңнан астам техника шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемиямен және қаржы секторының тұрақсыздығымен байланысты әлемдік дағдарысқа қарамастан, ҚР автомобиль өнеркәсібі 2020 жылы өндіріс пен сатылымда елеулі өсімді көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар
Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды Қазақстан экономикалық еркіндік деңгейі бойынша әлем елдері арасында 40 орында тұр Келес ауданында құны 1 млрд теңгенің жобалары іске қосылады

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

96 жетекші елде автомобиль өнеркәсібін талдаумен айналысатын NCSA (Ұлттық автомобильдерді сату қауымдастығының) әлемдік сарапшылары жылдың ортасында әлемдегі саланың жаһандық құлдырауын атап өтті. Алайда, сол кездің өзінде машина жасау саласындағы тұрақты көшбасшылардың теріс көрсеткіштерінің аясында тек 4 ел ғана оң статистиканы көрсете алды, ал олардың көшбасшысы Қазақстан болды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020 жылы автомобиль жасау саласындағы өңдеу өнеркәсібінде ең үлкен өсімді (50% - дан астам) атап өтті.

ИИДМ деректері мен Қазақстанның Автоөнеркәсібіндегі жылды қорытындылаған Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығының сарапшылары растап отыр.

Елімізде жылдық өндіріс көлемі 2020 жылы 77 471 бірлік техникаға жетті, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен бір жарым есе артық (50 541 бірлік). Соның ішінде жүк автомобильдері мен автобустардың өндірісі бойынша көрсеткіштердің өскені байқалады. 2020 жылы отандық зауыттар шамамен 40% өсімді көрсете отырып, 5 мыңнан астам техника шығарды.
Бұл ретте, 2019 жылы ҚР машина жасаудағы автомобиль жасау секторының үлесі небәрі төрттен бірін (26,3%) құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш үштен біріне дейін (33,4%) өсті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT