+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Өткен жылы Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсті - Бақытжан Сағынтаев

2018 жылғы 2 ақпан 17:46
Бөлісіңіз:
Өткен жылы Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсті - Бақытжан Сағынтаев

АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев биылдан бастап, ЕАЭК құрылымдарына төрағалық ететін Ресейге сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев бүгінгі жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

«Интеграциялық бірлестіктерде Ресейдің төрағалығы табысты әрі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Осыған орай, Еуразиялық экономикалық кеңес органдарындағы төрағалығына сәттілік тілеймін», - деді ҚР Үкімет басшысы.

«2017 жылы Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсті. Алдын ала болжам бойынша, еліміздің экономикасы 4 пайызға артты. 2017 жылдың қаңтары мен қараша айлары аралығында ЕАЭК елдерімен Қазақстанның тауар айналымы 2016 жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 15,60 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіш одан әрі артатынына сенемін. Цифрлы күнтәртін жүзеге асыруды, интеграциялық бастамаларға ірі, шағын және орта бизнесті тартуды қолдаймыз. Сонымен қатар, «Еркін сауда аймағын» құру мақсатында өзге елдермен ынтымақтастықты маңызды деп санаймыз. Атап айтқанда, Сингапур, Израиль, Қытай, Иранмен байланысты маңызды деп санаймыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

ҚР Үкімет басшысы кеден рәсімдерін автоматтандыру мәселесіне тоқталды.

«Мысалы, біртұтас кедендік қызмет аясында экспорт бойынша кедендік деклорацияға байланысты интеграция жоқ. Мәселен, теміржол транспортын уақытша енгізу бойынша айтуға болады. Осыған байланысты транспорт саласындағы халықаралық заңнамаға және комиссия шешіміне өзгеріс енгізу бағыттарында біріккен жұмыс өткізуді және көлік құжаттарын кеденде электронды тапсыру мәселесін қарастыруды ұсынамын», - деді Б.Сағынтаев.

Отырысқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қатысып, макроэкономикалық ахуал, ЕАЭО елдерінде тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар, 2017 жылы өзара сауданың жағдайы туралы ЕАЭО комиссия баяндамаларын тыңдады.

Жиында ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық өзара іс қимылдың бірқатар өзекті мәселелері қаралуда. Сонымен қатар, атқарылған нәтижелер қорытындыланып, ұйым жұмысының алдағы уақыттағы бағыттары белгіленді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Серік Жолдасбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT