Өткен жылы еліміз бойынша 20-дан астам қосымша пойыз жолға шыққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қазақстан бойынша 20-дан астам қосымша пойыз қызметі ұйымдастырылған. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан деректерден мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Акционерлік қоғамның баспасөз мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы «Алматы - Түркістан» және «Астана - Түркістан» қатынасындағы екі жаңа бағыт Түркістан облысына бару мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетті.
Тап осындай мүмкіндіктерді қарастыру үшін «Түркістан - Сарыағаш», «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Шымкент» - қаламаңы әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша пойыздардың қатынасы ұйымдастырылды.
Жолаушылардың өтініштерін назарға ала отырып, 2018 жылы республикаішілік бағыттар бойынша қосымша сегіз коммерциялық пойыз, сондай-ақ «Қарағанды-Томск» қатынасындағы халықаралық жолаушылар пойызы іске қосылды.
Мереке мен мерекеалды күндері әртүрлі 13 қосымша пойыздар жолға шығарылды.
Өткен жылы «Алматы-Павлодар», «Астана-Риддер» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған екі жолаушы пойызының жылжымалы құрамы жаңартылды.
«2019 жылы Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру саласындағы жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету, жолаушылардың игілігі үшін қажетті өзге де мүмкіндіктерді қарастыра бермек»,-делінген хабарламада.
- Павлодарлық құтқарушылар көктемде болуы ықтимал су тасқынына дайындалып жатыр
- БҚО-да боранға байланысты бес бағыттағы жол жабылды
- Ресейде жол апатынан 5 қазақстандық зардап шекті
- Астананың ботаникалық бағында тропикалық жемістер пісіп жатыр
-
Созақта аязды күні жолда қалған жүргізушілер құтқарылды
-
Екі баланы құтқарған жасөспірім «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам