Өткен жылы дала өрттерінің 27 пайызы еріктілердің күшімен сөндірілді

None
Фото: toppress.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы дала өрттерінің 27 пайызы ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күшімен сөндірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТЖМ бөлімшелері жоқ жерде ерікті өрт сөндіру құрылымдарына және ауылдық елді мекендердегі өрт сөндіру бекеттеріне бөлек тоқталғым келеді. Бүгінгі таңда әкімдіктер төрт мыңнан астам ерікті өртке қарсы құрылымын құрды. Өткен жылы еріктілер мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күш-құралдарын тартпай-ақ, дала өрттерінің 27 пайызын сөндірді. Сондай-ақ әкімдіктер 591 өрт сөндіру бекетін құрды. Олар жалпы саны 2 млн адамнан асатын екі мыңға жуық елді мекенді өрттен қорғайды. Болашақта бұл жұмысты жалғастыру қажет», - деді Ибрагим Күлшіманов.

Оның атап өтуінше, министрлік тарапынан аталған құрылымдарды техникалық нығайту үшін жергілікті атқарушы органдардың қарамағына 575 жарамды өрт сөндіру автоцистернасы берілді.

«Бүгінгі таңда өрт сөндіру бекеттерінде 768 түрлі техника бар», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар