Өткен жылы бірқатар елден карантинге жатқызылған өнімдер кіргізілмеді - АШМ
2022 жылғы 20 қаңтар 18:57

Өткен жылы бірқатар елден карантинге жатқызылған өнімдер кіргізілмеді - АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер карантині саласында 455,2 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері өсімдіктер карантині саласында талаптарды бұзудың 6 140 жағдайын анықтап, соның нәтижесінде 455,2 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа елдерден карантинге жатқызылған өнімді импорттау бағытында карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде фитосанитариялық сертификаттың болмауының 3 250 жағдайын, карантиндік объектілерді анықтаудың 189 фактісін, карантинге жатқызылған өнімді межелі пунктте қайталама тексеруге ұсынбаудың 577 жағдайын, фитосанитариялық сертификаттың сәйкес келмеуінің 218 жағдайын, 113 жағдайда таңбалаудың болмауын, қол жүгіне тыйым салудың 5 фактісін, карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында басқа мекенжайға жіберудің 28 жағдайын анықтады. Фитосанитариялық талаптарды бұзудың 72 фактісі және тыйым салынған өнімді әкелудің 3 жағдайы тіркелді», - делінген министрлік мәліметінде.

Атап айтқанда, импорттаушы елдерге барлығы 21,3 мың тонна, 1 104 текше метр және 44 827 дана карантинге жатқызылған өнім қайтарылды. Карантинге жатқызылған өнімді қайтаруды, жоюды және қайта өңдеуді жүзеге асыру бойынша 862 шара қабылданды.

«Карантинге жатқызылған өнім Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан, Вьетнам, Германия, Нидерланды, Франция, Польша және басқа елдерден әкелінді.

Фитосанитарлық бақылаумен қатар, министрлік өсімдіктерді зиянкестерден қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Қазақстанның ауыл шаруашылығы үшін аса қауіптердің бірі - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауіп төндіретін шегіртке болып отыр. Шегірткелердің көбеюі, үлкен топтардың пайда болуы, салыстырмалы түрде ұзақ қашықтыққа қоныс аударуы, сондай-ақ түрлі жерлерге ұшып баруы мен көбеюі қабілеті жоғары», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 жылы үйірлі шегіртке зиянкестері 640,85 мың гектар алаңға таралады деп болжады.

Бұдан бөлек, өсімдіктерді қорғау үшін 2 млрд теңге бөлінді, бұл пестицидтердің қажетті мөлшерін қамтамасыз етуге және барлық болжамды алаңға химиялық өңдеу бойынша қызметтерге ақы төлеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 223,8 мың гектар алқапта пестицидтердің қажетті қоры құрылды.

Үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін 524 автокөлікті, GPS навигаторлар мен трекерлер, планшеттермен 1230 тексерушіні тарта отырып, 38,4 млн гектар жер тексерілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер 80-92% жоғары биологиялық тиімділікпен оңтайлы мерзімде жүргізілді.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT