Өткен жылы ауыл шаруашылығына 573 млрд теңге инвестиция салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы мал шаруашылығы өнімі 3 пайызға артып, 2,6 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда агроөнеркәсіптік кешен саласында өсудің оң динамикасы сақталды. Аталған кезеңде жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6 пайызға ұлғайып, 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7,8 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 5 облыста, атап айтқанда Қостанайда – 120,8, Ақмолада – 112,7, Павлодарда – 107,5, Ақтөбеде – 106,7 және Қарағандыда 105,7 пайыз республикалық деңгейден жоғары қарқын байқалды», -деді ол.
Министрдің айтуынша, мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі көрсетілген кезеңде 3 пайызға ұлғайып, 2,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте тірідей салмақтағы ет өндіру көлемі 4,1, сүт 3,2 пайызға ұлғайды. Есепті кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 4 пайызға өсіп, 1,9 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, сары майды өндіру көлемінің 26,5, өңделген күріштің 20,1, шұжық өнімдерінің 8,2, макаронның 6,3, өнделген сүттің 4,9, қышқыл сүт өнімдерінің 4,8, ірімшік және сүзбенің 4,5, ұнның 1,6 пайызға артқаны байқалды.
«2020 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 15 пайызға ұлғайып, 573,2 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 13,5 пайызға өсіп, 104 млрд теңгені құрады», - деді Сапархан Омаров.
- Түркістан облысында су шаруашылығының түйткілді мәселелері талқыланды
- ШҚО-да 2 ет өңдеу кәсіпорны салынуда
- Қаңтардағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жарияланды
- Қаржы министрлігі алиментке салық салынатындығы туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
Мембағдарламалар бойынша салынған тұрғын үй бағасы қымбаттай ма
-
Илон Маск бір тәулікте 14 млрд-қа жуық доллардан айырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам