Өткен жылы атқарушылық іс құжаттары 69,9 пайызға орындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындауында 5 млн астам атқарушылық құжат болды. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылы сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындауында 5 млн астам атқарушылық құжат болды. Яғни, өндіріп алушылардың пайдасына 7 трлн теңге сомасынан артатын атқарушылық іс жүргізулер қозғалды. Атқарушылық іс құжаттардың орындалуы 69,9 пайызды құрады. Осылайша, министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі қамтамасыз етілді», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның айтуынша, өткен жылдың көктем кезінде «Covid-19» коронавирустық инфекцияға қатысты енгізілген төтенше режимге қарамастан атқарушылық іс жүргізу бағыты бойынша жұмыс ақаусыз қамтамасыз етілді. Төтенше жағдай кезінде сот орындаушыларға инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында атқарушылық іс жүргізу тараптарымен қатынасуды азайтып, үйден шығаруға, құрылыстарды бұзуға қатысты процессуалдық әрекеттерді кейінге қалдыруға тапсырма берілді.
«Осындай шектеуге қарамастан әлеуметтік маңызды атқарушылық құжаттардың орындалуы басымдықта қала берді. Олардың орындалуы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы атқарушылық іс-әрекеттерді қашықтық режимінде қамтамасыз етілді», - деді Алмат Мадалиев.
- Арыс қаласында ресми жиын барысында жастар төбелесіп қалған
- Қауіпсіз қала: Астанада бейнебақылаудың арқасында қылмыс көлемі 30% азайды
- Петропавлда жаяу жүргіншілерге арналған көшеде көлік жүргізген жігіт жазаланды
- Министрлер Nur Otan партиясында азаматтарды онлайн қабылдауда
-
Уран өндіруге қатысты заңға өзгерістер енгізілді
-
Мәжіліс Жоғарғы сот төрағасы мен судьясы үміткерлеріне қатысты құжатты мақұлдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам