Өткен жылы 200-ден астам өнеркәсіп дағдарысқа қарсы шаралар аясында мемлекеттік қолдауға ие болды - Ж.Қасымбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы 200-ден астам өнеркәсіп орындары дағдарысқа қарсы шаралар аясында әртүрлі мемлекеттік қолдау алды. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
«Ахуалдың күрделі екенін ескеріп, Үкімет өткен жылы өнеркәсіп орындарын қолдау жөнінде дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар қабылдады. Атап айтқанда, өнім өткізу, ұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуындағы жергілікті қамту, көлік шығыстарын азайту, экспортталатын өнімдерді салықтық-кедендік көтермелеу, электр энергиясына әрі онымен қызмет көрсетуге жеңілдікті тарифтер ұсыну мәселелері шешілді. 200-ден астам өнеркәсіп орындары дағдарысқа қарсы шаралар аясында әртүрлі мемлекеттік қолдау алды. Ірі кәсіпорындардың тапсырыс беруі арқылы шағын және орта кәсіпорындарға жүктеме жасалып, көмек көрсетілді. Нәтижесінде өңдеуші секторды оң аймақта ұстап қалдық. Жалпы алғанда, дағдарыс кезеңінде индустрияландыру бизнесмендерді жоспарларынан бас тартпай, жаңа жобаларды іске асыруда көмек болды», - деді министр.
Мысалы, оның айтуынша, Индустрияландыру картасының іске асыру барысында жоспарланған 500 жобаның өткен жылы 128-і пайдалануға берілді, 10 мың жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы 120 жоба іске асырылып, оларда 14 мың тұрақты сапалы жұмыс орны құрылады. Жүзге жуық жаңа өндірістің құрылысы салынып жатыр.
«Олардың ішінде түпкі өнімдер шығаруға бағдарланған ірі әрі шағын жобалар да бар. Бүгінгі күні 14 облыстың 12-де индустриялық жобалардың үлесі бүкіл өнеркәсіп өндірісінің төрттен бірі бөлігін құрайды», - деді Ж.Қасымбек.
- Әлихан Смайылов семейліктерге пәтер кілтерін табыс етті
- Алматыда мереке күндері азық-түлік арзан бағада сатылады
- Роман Скляр «КамАЗ» зауытының 50 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты
- Қазақстандық зейнеткерлер жеке табыс салығынан босатыла ма
-
Маңғыстауда жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салынып жатыр
-
Маңғыстауда «Жыл адамы - 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам