Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Өткен жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2019 жылғы 17 қаңтар 03:29 389
Бөлісіңіз:
Өткен жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 3 842,9 млрд теңгені құраған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарымен танысты Петропавлда жаңа ықшам аудан бой көтерді

Есепті кезеңде ең көп жұмыс көлемі көлік магистральдары, көше, жол, теміржолдар, көпірлер мен тоннельдер құрылысында болған - 890,7 млрд теңге,  инженерлік құрылыстар 639,9 млрд теңгеге, өнеркәсіп ғимараттары - 593 млрд теңгеге, тұрғын үй ғимараттары - 462,1 млрд теңгеге және тау-кен және өңдеу өнеркәсібіне арналған құрылыстар - 241,7 млрд теңгеге салынды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға өсіп, 3 224,2 млрд теңгені құраған. Өз кезегінде күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 24,7 пайызға, ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемі - 15,7 пайызға өскен.

41 970 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, соның ішінде 38 672-сі - тұрғын ғимараттар және 3298-і - тұрғын емес ғимараттар. Атап өткенде, 82 жалпы білім беретін мектеп, 101 мектепалды ұйым, 4 аурухана және 44 амбулаторлық-емханалық ұйым пайдалануға берілген.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында тұрғын үй құрылысына 1 162 млрд теңге бөлінді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың көлемі 10,4 пайызды құрады. Тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзі құрылыс салушылардың жеке қаржысы болып отыр, ол құрылыстың жалпы көлемінің 78,4% құрайды.

Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 12 521,1 мың шаршы метрді құраған, соның ішінде 5893,1 мың шаршы метрді жеке салушылар пайдалануға берген. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің физикалық көлемінің индексі 2017 жылға қарай 112,1 пайызды құрады.

Есепті кезеңде көппәтерлі үйлерде 1 шаршы метр баспананың құрылысына жұмсалған қаражат - 129,4 мың теңгені, ал жеке құрылыс салушылардың қаражаты - 77,9 мың теңгені құраған.

Автор: Асхат Ахметбеков 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Құрылыс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT