Өткен жылмен салыстырғанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,1 пайызды құрады - Статистика

None
None
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен жылмен салыстырғанда 2011 жылдың қаңтар-наурыз аралығында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,1 пайызды құрады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Онлайн конференцияда ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Төрағаның сөзіне қрағанда, биылғы жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіптік өндірістің көлемі қолданыстағы бағалар тұрғысында 3661 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 6 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және карерьлерді қазуда - 5 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 8 пайызға, электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру саласында - 6,2 пайызға, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау бағытында - 3 пайызға өндіріс өсімі байқалды.

«Биылғы жылдың қаңтар-наурызында ауыл шаруашылығы ішкі жалпы өнім көлемі 175,1 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылдың осы кезеңіне қарағанда 1,8 пайызға артық.

Соңғы жаңалықтар