Өткен жылдан бастап елімізде қылмыстар саны 10 пайызға қысқарды - ІІМ

None
None
күйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатында  ҚР азаматтарының заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша Үкімет сағаты болып өтті.

Жиында ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған басқосу еліміздің ішкі істер органының нақты қызметінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауы жөніндегі орын алып отырған проблемаларды талқылауға арналды.

 «Қабылданып жатқан шаралардың арқасында республикадағы жедел жағдай тұрақты қалыпта болып отыр. Өткен жылдан бастап елімізде қылмыс жасау біршама төмендеді, тіркелген қылмыстар саны 10 пайызға қысқарды. Атап айтқанда, кісі тонау - 21, бұзақылық - 16, ұрлық - 13, зорлық-зомбылық - 12, кісі өлтіру фактілері 7 пайызға азайған және басқа да қылмыстардың тіркелген саны қысқарып отыр. Сонымен бірге, бүгінгі күні Елбасының тапсырмалары негізінде министрліктің басым бағыттары белгіленді. Бұлар қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз ету, көшедегі және жастар арасындағы қылмысқа қарсы күресті күшейту, ұйымдасқан қылмыстың барлық түрлеріне қатаң қарсы тұру, есірткі бизнесіне қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алуды жандандыру болып табылады. Бұнымен қоса, өз қатарларымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, министрлікті кездейсоқ адамдардан тазартуға да баса назар аударылып келеді», деді Сенат алдында баяндама жасаған министрі С. Баймағанбетов.

Оның айтуынша, қылмыстың өзі әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да,  Елбасы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан әлеуметтік шаралардың нәтижесінде елдегі криминогендік ахуал қалыпты сақталуда.    

Соңғы жаңалықтар