Өткен тәулікте СҚО-да тағы да екі адам суға кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бір тәуліктің ішінде тағы да екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиғалардың екеуі де Тайынша ауданында болған. Жергілікті тұрғындар таңертен ерте Кирово ауылына жақын маңдағы жасанды су қоймасынан 48 жастағы ер адамның өлі денесін алып шыққан. Азамат балық аулау кезінде суға батып кеткен.

«Қайғылы жағдайға суда қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болып отыр. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан адам мас болған. Дәл сол күні Бірлік ауылына жақын орналасқан Чаглинка өзенінің тыйым салынған аумағында 17 жастағы бозбала суға батып кетті. Мәйітті жағаға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Бір күн бұрын өңірде 20 жастағы жігіт суға түсіп, қайтыс болған, ал дүйсенбі күні тағы да екі ер адам дәл осындай жағдайда қаза тапқан.
Солтүстік Қазақстан облысында шомылу маусымы ашылғалы бері 7 адам суға кеткен, оның үшеуі - балалар.

Соңғы жаңалықтар