Өткен тәулікте шомылу барысында екі азамат суға батып кетті

None
None
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика су қоймаларында екі қайғылы оқиға орын алды. Суға шомылып жүрген екі азамат суға батып кетті, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Екі төтенше оқиға да сейсенбі күні шамамен бірдей уақытта Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орын алды. Бірінші қайғылы жағдай Шелек ауылында тіркеліп, онда 47 жастағы азамат суға кетті. Ал келесі оқиға Қаратемір ауылында орын алып, 23 жастағы жігіт суға батты.

Тамыздың 4-і күнгі Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта суға батқан азаматтардың денесін ҚР ТЖМ суда құтқару қызметінің мамандары іздестіру үстінде.

Соңғы жаңалықтар