Өткен тәулікте шетелден ұшып келген 2,7 мың жолаушының бәрінде ПТР анықтама бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 мамырда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметіне сенсек, 10 мамыр күні Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Ұлыбритания, Италия, Франция, Түркия, Беларусь Республикасы, Грузия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келген.

Өткен тәулікте 2 735 авиажолаушы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 374 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 900 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 403 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 38 жолаушы;

- Семей қаласының әуежайына – 1 рейс, 20 жолаушы.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар