+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өткен тәулікте республиканың далалы алқабы мен ормандарынан 32 рет өрт шықты - ТЖК

2020 жылғы 15 шілде 11:46
Бөлісіңіз:
Өткен тәулікте республиканың далалы алқабы мен ормандарынан 32 рет өрт шықты - ТЖК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаз айының аптап ыстығы әдеттегідей елімізді өрт қауіпін туындатып отыр. Биылғы жылғы 14 шілдеде республика бойынша 32 орман және дала өрті оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді Оралда екі көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 20-ға жуық адам эвакуацияланды Павлодарда 13 жасар жасөспірімді көлік қақты

Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Кербұлақ аудандарындағы және Қапшағай қаласындағы, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мұғалжар, Темір, Байғанин, Қобда, Хромтау аудандарындағы, Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Қаратөбе, Жәнібек, Шыңғырлау, Бөрілі, Бәйтерек аудандарында өртенген құрғақ шөп сөнірілді.

«Аталған өңірлерде дала өртінің жалпы ауданы 10648 мың га құрады, оның ішінде Атырау облысында – 4405 га және Ақтөбе облысында – 5000 га болып отыр. Дала өртін сөндіруге ТЖД, ерікті өрт сөндіру құраламаларының, орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.


Батыс Қазақстан облысындағы 6 өрт оқиғасы ТЖК бақылауында. Олар: Ақжайық ауданының «Бударин орманшылығы» КММ және «Чапаев орманшылығы» КММ орман алқабының жануы, сондай-ақ Теректі, Ақжайық, Тасқала аудандарындағы құрғақ шөптің жануы сияқты жәйттер. Өрттерді жою бағытында тиісті шаралар қолға алынды.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған өрттер кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.

«Табиғи өрттердің негізгі себептері халықтың отты пайдалануды салақтық танытуы, сөндірілмеген темекі, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы сияқты өзге де жәйттер болып отыр»,-делінген хабарламада.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT