Өткен тәулікте коронавирус пен пневмонияға 79 адам шалдықты - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы 70 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы 18 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан 2 000 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 841, пневмониядан (КВИ-) – 159) емделуде. Олардың ішінде 169 пациент стационарда, 1 831 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 9 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар