Өткен тәулікте Қазақстанға 4,1 мың жолаушы ұшып келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 маусымда Қазақстан аумағына Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Грузия, Германия, Молдавия, Украина, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 31 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен тәулікте елге 4 158 авиажолау келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 340 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 174 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 299 жолаушы;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 117 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 45 жолаушы,

- Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 183 жолаушы.

«Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келді», - деді комитеттен.


Соңғы жаңалықтар