Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы деректерге қарағанда өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды, ал 111 адам аталмыш дерттен жазылып шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бері елде коронавирус пневмониясымен 84690 адам ауырған. Сондай-ақ 5235 адам аталмыш дерттен қайтыс болып, 77803 адам жазылып шыққан.


Соңғы жаңалықтар