Өткен тәулікте Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырып, 6 адам аталмыш дертте жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елде 811 адам коронавирус инфекциясынан (–664+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 65 пациент стационарда, 746 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

3 адамның жағдайы ауыр,

3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ 10 843 214 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 605 513 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны – 5 613 445.


Соңғы жаңалықтар