+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Өткен тәулікте Қазақстан жолдарында 750 адам құтқарылды

2020 жылғы 27 қаңтар 13:18
Бөлісіңіз:
Өткен тәулікте Қазақстан жолдарында 750 адам құтқарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда елде автомобиль жолдарының 95 учаскесі жабық. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтанда жедел штабтар құрылып, жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
ТЖК өзен-көлдердің бетіндегі мұздың жұқаруына байланысты сақтық шараларын ескертті Азаматтық қорғау саласында дербес мемлекеттік орган құрыла ма Петропавлда көктемгі су тасқыны кезінде үй жануарларына арналған эвакопункт ашылмақ

Штабтардың құрамында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің, ««QazAvtoJol» ҰК» АҚ, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар мен Әкімшілік полиция комитеттерінің және Ұлттық гвардия қызметкерлері бар.

Өткен тәулікте дауылды ескерту 13 өңірде жарияланып, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 61 учаскесі, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 34 учаскесі жабылды. Республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының 3 учаскесінде жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған болатын.

Айта кету керек, құтқарушылар мен жол қызметтерінің жұмыскерлері қар құрсауынан 750 адамды құтқарды. Олардың 82-сі – бала. Қауіпсіз жерге шығарылған 447 адамның ішінде 11 бала бар. Жалпылай алғанда, 1380 автокөлікке көмек көрсетілді.

Республикалық маңызға ие «Нұр-Сұлтан – Шучинск» жолында екі бағытта да көлік құралдарынан құралған ұзын-сонар кептелістің қалыптасуына орай Ақмола облысында аса күрделі жағдай орын алды. ««QazAvtoJol» ҰК» АҚ Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, 26. 01. 2020 сағат 15:00-де екі бағыттағы көлік құралдарының легін арнайы техниканың, патруль көлігінің сүйемелдеуімен өткізу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында азаматтардың ұялы телефондарына 224 СМС-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 367 хабарлама жіберіліп, «қауырт желі» телефонына 155 қоңырау келіп түсті.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 913 адам мен техниканың 607 бірлігі жұмылдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT