Өткен тәулікте елорданың жедел жәрдем стансасына 4 мыңнан астам қоңырау түскен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында инфекциялық аруханалармен бірге жедел жәрдем қызметі де шектен тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, елордалықтардан тәулік сайын коронавирус індетімен байланысты 300-ден астам қоңырау түсіп жатыр.

«Әсіресе, азаматтар өздерін-өзі үй жағдайында емделуіне байланысты жұқпалы аурулар ауруханаларына ковидтің ауыр түрімен түсіп жатқанын атап өткім келеді. Медициналық көмекке бірден жүгінбеу, дәрігердің қарауынсыз тікелей антикоагулянттармен емделген науқастарды реанимация бөлімшесіне ауыстыруға тура келеді», - дейді маман.

Басқарма басшысы тұрғындардан түсетін шақыртуларға үлгерудің өзі проблемаға айналғанын айтады.

«Қазіргі уақытта жедел жәрдем бригадалары мен мобильді бригадалардың жұмысында да үлкен жүктеме байқалып тұр. Тек өткен тәулікте жедел жәрдем станциясына түскен қоңыраулар саны – 4 мыңнан асты. Шақыртулар саны – 2 300. КВИ бойынша қоңыраулар саны - тәулігіне 300-ден асып отыр», - деді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, ол ПТР тест арқылы тәулігіне 1 369 жаңа жағдай тіркеліп тұрғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар