Өткен тәулікте елге 37 халықаралық рейспен 4 704 авиажолаушы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Грузия, Беларусь Республикасы, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, Черногория, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өткен тәулікте 4 704 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 2 764 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 777 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 291 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 177 жолаушы,

Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 287 жолаушы.

Ақтөбе қаласының әуежайына - 2 рейс, 266 жолаушы.

Қарағанды қаласының әуежайына - 2 рейс, 19 жолаушы.

Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 123 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.




Соңғы жаңалықтар