Өткен тәулікте Астанадан шамамен 15 мың текше метр қар шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Астана қаласынан шамамен 15 мың текше метр қар шығарылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 12 желтоқсанда қаланы қардан тазалауға 398 жұмыскер шықты.

«Астана Тазалықтың» ақпараты бойынша қар тазалау жұмыстарына 398 арнайы техника жұмылдырылған.

«Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 15 210 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қардың 2 653, өзге мекемелер 11 367, «Астана көгалдандыру құрылысы» 1 190 текше метрін шығарды», - делінген хабарламада.

16 қазан мен 12 желтоқсан аралығында қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 796 936 текше метрді құрайды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 33, 13 қазан мен 12 желтоқсан аралығында 10 811,5 текше метрі шашылды.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.

Соңғы жаңалықтар