Өткен тәулікте Алматыда 210 адамнан коронавирус анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 475 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 210 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 35, келіп түскені – 149

Инфекциялық стационарларда 475 адам бар. (Төсек-орын 1348 )

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 32 адам жатыр.

Ал 6 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 15 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 6 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1257 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1187 науқас. 70 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар