Өткен тәулікте Алматы облысында 254 адам КВИ жұқтырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 254 адам КВИ жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында 38 жағдай, Талғар ауданында - 35, Талдықорған қаласы менАлакөл ауданында 34 жағдайдан, Іле ауданы мен Текелі қаласында 16 жағдайдан, Сарқан ауданында – 14, Ескелді ауданында – 12, Қаратал ауданында – 11, Қарасай және Кербұлақ аудандарында 10 жағдайдан, Балқаш және Панфилов аудандарында 5 жағдайдан, Кеген, Ұйғыр аудандарында 4 жағдайдан, Қапшағай қаласында – 3, Райымбек ауданында – 2, Ақсу ауданында 1 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ 481 адам індеттен емделіп шықты. Өңір «сары» аймақта.

«21 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде 1957 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 106 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 5190»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, соңғы 3 күнде 8217 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 734 495. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3066. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 624 658. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4393.


Соңғы жаңалықтар