Өткен тәулікте Алматы облысында 23 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 23 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талдықорған қаласында – 9, Алакөл ауданында – 4, Іле, Қарасай, Талғар және Ұйғыр аудандарында 2 жағдайдан, Панфилов және Сарқан аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 57 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.

«1-желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 718 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 43 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 1790. Төсек-орын жүктемесі – 13,5 %.Соңғы 3 күнде 5358 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 860 733. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 607. Екпенің 2-ші компонентін 787 892 адам алды. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 609 адам.


Соңғы жаңалықтар