ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 20 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, соның ішінде Қарасай және Панфилов аудандарында 4 жағдайдан, Іле ауданында – 3, Сарқан, Алакөл аудандары мен Қапшағай қаласында 2 жағдайдан, Жамбыл, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласында 1 жағдайдан тіркелді.
Сондай-ақ өткен тәулікте 47 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.
«24 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 392 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 22 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 1335. Төсек-орын жүктемесі – 29,3 %.Соңғы 3 күнде 5508 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 884 992. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1389. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 821 898. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 1692 адам.