Өткен тәулікте Алматы облысында 11 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 11 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Алакөл ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында – 2, Балқаш, Жамбыл, Іле, Панфилов және Кеген аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 13 адам вирустан жазылды. Өңір «жасыл» аймақта.

«21-желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 457 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 24 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 1525. Төсек-орын жүктемесі – 29,9 %.Соңғы 3 күнде 2671 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 904 464. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2222. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 818 833. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 2462 адам.


Соңғы жаңалықтар