Өткен тәулікте 9 адам коронавирусқа шалдықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.


Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 3,

Алматы қаласында - 5,

Солтүстік Қазақстан облысында - 1.

Сондай-ақ өткен бір тәулікте елімізде 7 адам аталған індеттен жазылып шықты: Алматы қаласында - 5, Қостанай облысында – 1, Павлодар облысында - 1.

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 1 305 732 жағдайы тіркелді. Соның ішінде 1 291 975 науқас сауықты.


Соңғы жаңалықтар