Өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды
2022 жылғы 27 маусым 10:20

Өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 67 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомстваралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 300 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 13,

Алматы қаласында - 52,

Ақмола облысында – 1,

Қарағанды облысында – 1.

Сондай-ақ өткен тәулікте 12 адам коронавирустан жазылды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT