Өткен тәулікте 56 адамнан коронавирус анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте 56 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап.

22 қарашадағы мәлімет бойынша, елде 743 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 153 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 118 пациент стационарда, 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

7 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ 22.11 мәлімет бойынша 10 846 400 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырса, 10 610 721 адам II компонентін салдырған. Ревакцинация жасатқандар саны – 5 654 339.


Соңғы жаңалықтар