Өткен тәулікте 53 қазақстандықтан коронавирус табылып, 1 адам көз жұмды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясына 53 адам шалдықты, ал коронавирус пневмониясы 7 қазақстандықтан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 051 адам коронавирус инфекциясынан (–1 899+ және 152 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 193 пациент стационарда, 1 858 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 10 адамның жағдайы ауыр,

• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар