Өткен тәулікте 47 адамнан коронавирус анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елемізде 47 дамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 387 адам коронавирус инфекциясынан (–1 221+ және 166 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 166 пациент стационарда, 1 221 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.

Айта кетейік, кеше, 20 сәуірде коронавирус жұқтырғандардың саны 70 адам болған.


Соңғы жаңалықтар