Өткен тәулікте 36 адамнан коронавирус анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте елімізде коронавирусқа шалдыққан 36 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

20 наурыздағы жағдай бойынша, 1 781 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирус (КВИ+) –1 609, коронавирус пневмониясы (КВИ-) – 172) емделуде. Олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 646 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 17 наурызда коронавирус - 77 адамнан, 18 наурызда 36 адамнан анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар