Өткен тәулікте 156 тұрғын коронавирус індетіне шалдыққан

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 156 адам коронавирус індетін жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

4 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 364 адам коронавирус инфекциясынан (–1 166+ және 198 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 188 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар