10:01, 16 Мамыр 2021 | GMT +6
Өткен тәулікте 15 адам коронавирустан көз жұмды, 822 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 мамырдағы ақпарат жарияланды.
16 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 625 адам коронавирус инфекциясынан (38 047 КВИ+ және 578 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 14 055 пациент стационарда, 24 570 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 822 адамның жағдайы ауыр
• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр
• 111 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
15 науқас коронавирустан қайтыс болған.