Өткен тәулікте 13 адамнан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 13 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 6,

Алматы қаласында - 5,

Ақмола облысында – 1,

Қызылорда облысында -1,

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 828-ге жетті.

Айта кетейік, кеше вирус жұқтырғандар саны 17 адамды құраған болатын.

Сондай-ақ өткен тәулікте 4 адамның коронавирустан жазылғаны белгілі болды.

9 маусымдағы мәлімет бойынша, 132 адам коронавирус инфекциясынан (–106+ және 46 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 33 пациент стационарда, 119 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.



Соңғы жаңалықтар