Өткен тәулікте 11 адамнан коронавирус табылды
10:04, 07 Мамыр 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған11 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ДСМ.
Коронавирус Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы қаласында - 3, Алматы және Қызылорда облыстарынан - бір бір адамнан анықталды.
Сонымен қатар 107 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 584 жетті.