Өткен қазан айында инфляция деңгейі 0,2 пайызды құрады

None
None
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Статистика агенттігінің хабарлауына қарағанда, 2011 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі 0,2 пайызды құрады. Атап айтқанда, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,1 пайыз, азық-түлік емес тауарларға - 0,4 пайыз, ақылы қызметтерге - 0,3 пайызға өскен.

Бұдан бөлек, агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, қазан айында бағаның өсуі ет өнімдеріне 1,8 пайыз, ал жылқы етіне - 2,6 пайыз, сиыр етіне - 2,3 пайыз, қой етіне - 1,9 пайыз, шошқа етіне - 1,6 пайызға белгіленген. Сонымен қатар, баға өсімі жұмыртқаға 3,7 пайыз, шикі сүтке - 2,2 пайыз, қышқыл сүт өнімдеріне - 1,6 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне - 0,6 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 0,5 пайыз, май және тоң майға - 0,4 пайызды құрады. Бағаның төмендеуі қантқа 6,5 пайыз, қарақұмық жармасына - 6 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 3,8 пайыз, күрішке - 1,7 пайыз, ұнға - 0,9 пайызға тіркелген.

Ал киім және аяқ киімге бағаның өсуі 0,5 пайызды, фармацевтикалық өнімдеріне - 0,4 пайызды, тұрмыстық тоқыма бұйымдарына - 0,3 пайызды, жуу және тазалау құралдарына - 0,2 пайызды көрсетсе, қатты отын 1,9 пайызға, бензин - 1,1 пайызға қымбаттап, дизель отыны - 0,5 пайызға арзандаған.

Бұдан басқа, баға деңгейі білім беру қызметтеріне 1,7 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарында - 0,7 пайыз, денсаулық сақтау - 0,6 пайыз, мәдениет - 0,5 пайызға жоғарылаған. Ал жолаушылардың темір жол көлігі - 5,2 пайызға төмендеген. Бұдан бөлек, тұрғын үй коммуналдық қызметтер саласында төлем қоқыс жинауға 6,9 пайыз, кәрізге - 2 пайыз, суық суға - 1,2 пайыз, тұрғын үйді ұстауға - 0,8 пайыз, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 0,4 пайыз, ыстық су мен орталықтан жылытуға - 0,1 пайыздан өсті.

Соңғы жаңалықтар