Өткен демалыста қазақстандықтар Түркия бағытындағы 400-ге жуық әуе билетін кері қайтарған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар өткен демалыс күндері Түркияға бағытталған 400-ге жуық әуе билетін кері қайтарған.

Бұл туралы бүгін Алматыда журналистермен болған кездесуде «Эйр Астана» АҚ компаниясының президенті Питер Фостер мәлім етті.  

«Қазір Түркияға арналған трафиктің Дубай, Бангкок, Вьетнам, Грузияға бағытталып жатқандығы байқалады», - деді П. Фостер. 

Ол сонымен қатар, өткен демалыс күндері Түркия бағыты бойынша сатып алынған 400-ге жуық билеттің кері қайтарылғандығын, Франция бағытындағы билеттердің өте аз мөлшерде қайтарылып жатқандығын атап өтті.
«Бірақ, бұл жерде Түркияға бағытталған билеттер жапппай қайтарылып жатыр деп айтуға болмайды. Дегенмен, нақты Антальяны алып қарайтын болсақ, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар саны елеулі түрде азайды», - деді компания президенті. 

Соңғы жаңалықтар