Өткен демалыс күндері Қазақстанда алты адам суға кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда екі күннің ішінде алты адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданының Явленка кентінен 2 шақырым жерде ТЖД құтқарушылары Есіл өзенінен 1948 жылғы ер адамды құтқарып алып шықты. Балық аулап жүрген ол суға белуардан кіріп, саздан шыға алмай қалған. Ер адам ауруханаға жеткізілді.

ТЖК-дан хабарлағандай, өткен демалыс күндері елдің су қоймаларында арнайы жабдықталмаған жерлерде суға шомылу кезінде 6 адам суға батып кеткен, соның ішінде бір бала бар.

20 маусым күні Батыс Қазақстан облысына қарасты Бәйтерек ауданының Зеленое кентінде орналасқан саяжай сілеміндегі Шаған өзенінде 1956 жылғы ер адам суға батып кетті.

Сол күні Қостанай облысының Федоров ауданындағы Федоровка ауылындағы тоғанда шомылған 2011 жылғы бала суға батып кетті.

20 маусымда Атырау облысына қарасты Махамбет ауданының Ақтоғай кентінен 3 шақырым жерде Жайық өзенінде 1989 жылғы ер адам суға батты.

21 маусым күні Алматы облысына қарасты Алакөл ауданының Ақшы ауылынан екі шақырым жерде Алакөлге шомылған 2002 жылғы жасөспірім суға батып кетті.

Сол күні Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Оразақ ауылынан екі шақырым жердегі Нұра өзенінде 1991 жылғы жігіт суға батып кеткен.

21 маусым күні Атырау қаласынан 13 шақырым жерде орналасқан Талғайран кентінде Жайық өзенінде 2000 жылғы ер адам суға батып кетті.

«Барлық оқиғаларда су қоймаларындағы судың температурасы 15-20 °С аспаған. Су температурасы 15-18 °С болған кезде онда үш минуттан астам тұруға болмайды. Шынықпаған адамдарға салқын суға түсуге болмайды. Су жылынып, температурасы 22 градусқа дейін жылынғанда оған он минут түсуге болады. Егер судың температурасы 24 градусқа дейін жылынса, жарты сағат уақыт шомылуға болады», - деп баяндады баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар