Өткен айда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі байқалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қарашада тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі байқалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.

Атап айтқанда, 2014 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру бағалары 0,4 пайызға жоғарылаған көрінеді.

Бұдан бөлек, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сату - 0,3 пайызға өсті. Ал жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып-сату - 0,2 пайыздан өсті.

Соңғы жаңалықтар