Өткен айда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда баға 3,8 пайызға артты

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 2‑сі. ҚазАқпарат ‑ Ағымдағы жылдың тамыз айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда баға 3,8 пайызға артты.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің деректеріне қарағанда, өткен айда еліміздегі  кен қазу өнеркәсібіндегі баға 4,5 пайызға, өңдеуші саладағы баға  2,7 пайызға артқан. Сонымен бірге, тамыздағы көрсеткіш бойынша металл кені бағасы 7 пайыз, мұнай бағасы 5,4 пайыз, электр энергиясы 2,9 пайыз, көмір бағасы 2 пайызға қымбаттаса, табиғи газдың бағасы 8,2 пайызға, газ конденсатының бағасы  0,7 пайызға төмендеген.

Ал азық‑түлік өнімдеріне келетін болсақ, тамызда еліміздегі күріш бағасы 3,3 пайызға, балық 2,9 пайызға, құс еті 1,4 пайызға, өсімдік майы 0,5 өскен. Керісінше бидай ұны ‑ 3,2, қант‑ 0,5, макарон өнімдері ‑ 0,3 пайызға арзандаған.

Соңғы жаңалықтар