Өткен айда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 1,8 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы сәуірде өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 1,8 пайызға төмендеді. Соның ішінде ағымдағы жылғы сәуірде наурызбен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 3 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 0,4 пайызға төмендеді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, есепті кезеңде өндірілген өнімге баға - 2,1 пайызға төмендеп, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 1,3 пайызға жоғарылаған. Сонымен қатар, өткен айда бағаның газ конденсатына - 6,9 пайыз, мазутқа - 4,9 пайыз, мұнайға - 3,5 пайызға, металл кендеріне және бензинге - 0,7 пайыздан төмендеуі, олардың дизель отынына - 3,2 пайыз, көмірге - 1,9 пайыз, табиғи газға - 0,3 пайызға жоғарылауы тіркелген.

Сонымен қатар, есепті кезеңде баға қорғасынға - 14,2 пайыз, мырышқа - 7,7 пайыз, алюминийге - 3,5 пайыз, қара металдар илегіне - 1,3 пайыз, асыл металдарға - 0,8 пайыз, ферроқорытпаларға - 0,3 пайызға төмендеген. Ал мысқа - 1,5 пайызға жоғарылады.

«Бұдан бөлек, бағаның өсімдік майына - 4,3 пайыз, қарақұмық жармасына - 3,8 пайыз, құс етіне - 3,1 пайыз, мал етіне - 0,5 пайыз, маргаринге - 1,6 пайыз, қара бидай ұнына - 1,3 пайыз, бидай ұнына - 1,2 пайыз, сүт өнімдеріне - 0,7 пайыз, балыққа - 0,3 пайызға төмендеуі, ал күрішке - 1,1 пайызға, нанға - 0,3 пайызға жоғарылауы байқалды», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар