Өткен айда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы қазан айында елімізде өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Атап айтқанда, агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 0,5 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 0,6 пайызға төмендеген. Бұдан бөлек, өндірілген өнім бағасы да 0,5 пайызға түссе, өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгеріссіз қалды.

Сонымен қатар, өткен айда бағаның металл кендеріне 3,8 пайыз, мұнайға 0,3 пайызға төмендеуі тіркелген еді. Бұдан бөлек, бензинге баға 5,7 пайызға, дизельдік отынға - 3 пайызға, отындық мазутқа 2,7 пайызға, көмірге - 1,2 пайызға, сұйытылған пропан мен бутанға - 1,1 пайызға жоғарылауы бекітілген. Ағымдағы жылғы қазанда баға мырышқа 19,4 пайыз, мысқа - 6,8 пайыз, қорғасынға - 3,4 пайыз, алюминийге - 2,4 пайызға төмендеп, қымбат металдарға - 5,1 пайызға, қара металдар илегіне - 2 пайызға жоғарылаған.

Бидай ұны - 9,8 пайыз, жармалар - 8,1 пайыз, өсімдік майы - 3,4 пайыз, макарон өнімдері - 2,1 пайызға арзандады, ал мал еті - 7,3 пайыз, құс еті - 3,4 пайыз, балық - 1,9 пайыз, сүт өнімдері - 0,9 пайызға қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар